Меню KDT
RU / KZ
logo2.jpg?_=1695197111

Жаңалықтар

«Шәкәрім- ұлы ақын»

   2023 жылдың 13 қазанында Т.Бигелдинов атындағы № 1 мектеп-лицейінде ұлы ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Абилова З.Т., Исина Б.Ж. 10 «Г» «Д» сыныптарында ашық танымдық сағатын өткізді.
   «Шәкәрім- ұлы ақын» атты танымдық сағатының мақсаты: жас ұрпаққа ұлы бабамыз Шәкәрімнің өмір жолы мен шығармаларының тарихи, мазмұны мен мағынасы туралы білімдерін жетілдіру. Оқушыларды ақынның шығармаларымен таныстыру,поэзияға деген қызығушылықты қалыптастыру.
«Абайдың дәл өз тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен ақындар төртеу. Оның екеуі Ақылбай,Мағауия-Абайдың балалары. Қалған екеуі- Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынасындағы шәкірттері.»,- деп абайтанушы М.Әуезов жазған.
1 кезеңде «Ойланайық та,жазайық» әдісі арқылы оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысып, постер құрап, оны қорғайды. Шәкәрім Құдайбердіұлы – ұлы ақын, жазушы, философ, тарихшы, аудармашы, композитор деген ой түйіндейді.
2 кезеңде «Қасқыр, түлкі, бөдене» атты шығармасын мәнерлеп оқып, ретімен қойып шығады.
«Кім біледі» 3 кезеңде Венн диаграммасы арқылы Шәкәрім мен Абай өмірі мен шығармашылығындағы ұқсастық пен айырмашылықты жазады.
4 кезең: сергіту сәті «Сұрақты шарлар» -шардың ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
«Синквейн» әдісімен алған білімдерін оқушылар қорытындылады.Тірек сөздер: «Шәкәрім», «Абай», «Қазақстан». Шәкәрім мен Абай өлеңдерінен үзіндіні оқушылар жатқа айтты.
Ашық сынып сағатын Абайдың сөзімен аяқтауды жөн көрдік: «Өлді деуге бола ма,ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...»
Ұлы ақын арамыздан кетсе де, ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар. Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз.

Ашық тәрбие сағаты : «Шәкәрім- ұлы ақын» 






Просмотров: 99

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Елбасы жолдауы

Директор блогы

 
Рысмухамбетова Махаббат Давлеталиевна
мектеп директоры

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы кабинеті»

Бұйрық

Ата –аналарды педагогикалық қолдау кеңесі дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді
Әр айдың соңғы сенбі күні ашық есік күні 10:00-ден 12:00-ге дейін


 

Сауалнама

Сайтқа кірушілер статистикасы

  • Осы айда 1498
  • Осы аптада 269
  • Кеше 24
  • Бүгін 12
  • Онлайн 2