23.02.2024 ж. Т.Бигелдинова атындағы №1 мектеп-лицейде 9 сынып оқушыларының ата-аналарымен педагог-психолог М. Г. Ниязбекова «Жасөспіріммен өзара түсіністікке қалай қол жеткізуге болады?» тренинг өткізді. Тренинг ата-аналардың жасөспірімдерді тәрбиелеудегі психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасау мақсатында өткізілді. Тренинг барысында ата-аналар ұрпақтар теориясымен танысты және егер ата-ана мен бала әртүрлі ұрпақ өкілдері болса, өзара түсіністікке қалай жетуге болатынын талқылады.
Ата –аналарды педагогикалық қолдау кеңесі дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді
Әр айдың соңғы сенбі күні ашық есік күні 10:00-ден 12:00-ге дейін