ТҮЛЕКТЕРГЕ ПСИХОЛОГТЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ:
Емтиханға дайындық және ҰБТ тапсыру
Ата- анаға кеңес:
Баланың жүрістұрысына жіті мән беру.
Баланың психикалық даму ерекшелігін естен шығармау.
Оны тыңдай алу, сөзіне мән беріп, әңгімені кейінге қалдырмау.
Баланың жеке кеңістігіне қол салмау, шешімдеріне сыйластықпен қарау.
Шамасы келмейтін, өресіне сыймайтын талап қоймау.
Жасөспірімдік кезде болатын өтпелі кезеңде мінезқұлқында гормондық дамуға байланысты болатын өзгерістерді есепке ала отырып, қарым-қатынас жасау.
Баламен қарымқатынаста жиі түсініспеушілік жәйттер орын алатын болса маманның кеңесіне жүгіну.
Баланың дайындығына қойылатын арнайы бекітілген талап жоқ, дегенмен сақталуы керек бірқатар ережелер бар:
Күн тәртібін жоспарлап қою.
Уақытты тиімді пайдалану.
Дұрыс, дұрыс тамақтану.
Осыған атаана көбінесе жүрдім-бардым қарайды. Құнарлы, нәрлі, уақтылы тамақтану адам денсаулығына, көңілкүйіне оңды әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Ой еңбегінде дұрыс тамақтану өте маңызды.
Отбасында жыжыл, жаймашуақ орта қалыптастыру.
Дене жаттығуын жасату.
Уақытында ұйықтатып, ұйқысын қандыру.Ата –аналарды педагогикалық қолдау кеңесі дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді
Әр айдың соңғы сенбі күні ашық есік күні 10:00-ден 12:00-ге дейін