Меню KDT
RU / KZ
logo2.jpg?_=1695197111

Жаңалықтар

«Екі жұлдыз»

 «Екі жұлдыз»
2023 жылдың 26 желтоқсанында Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде өз көрермендері мен жанкүйерлерін жинаған «Екі жұлдыз» байқауы өтті.
Байқауға ұстаздардан құралған жұптар қатысты. Кешті  Қабылбеков Шалқар Қабылбекұлы мен Елеуова Асель Сабиболлаевна жүргізді.
Байқауға барлығы 10 жұп қатысты.  Қазылар алқасы жұптардың өнерін сахна мәдениеті, орындаушылық шеберлік деңгейі, сахналық киімдер, жарық пен дыбыстық безендіру, қойылымға көркемдік сүйемелдеудің болуы сияқты критерийлер бойынша бағалады.
Сазды кешті мектеп директоры М.Д. Рысмухамбетова мен музыка пәндерінің мұғалімдері – К.С. Загипарова мен Е.А. Петухова «Песня не прощается с тобой» әнімен  ашты.
Байқауға қатысушылар сахнаға алғаш рет шығып отырған кәсіби емес әншілер. Қатысушылар бірінен соң бірі өздерінің ерекше композициясын орындап, көрермендердің ықыласына бөленді. Бірі лирикалық әнді дуэтпен айтуды жөн көрсе, енді бірі би тобының сүйемелдеуімен динамикалық шығарманы таңдады.
Қазылар алқасы кімнің бірінші орынға шыққанын анықтап жатқанда, Г.К. Акимбетова, Б.Т. Альжанова, Н.С. Савенкова көрермендерге өз ән шашуларымен сахнаға шықты.
Мектепішілік «Екі жұлдыз» байқауының жеңімпаздары информатика пәнінің мұғалімі Айдана Мауленова мен бастауыш сынып мұғалімі Айжан Болатқызы болды.
Байқау соңы Шашубай Шаймерденнің «Екі жұлдыз» әнін шырқаумен аяқталды.

















Просмотров: 43

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Елбасы жолдауы

Директор блогы

 
Рысмухамбетова Махаббат Давлеталиевна
мектеп директоры

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы кабинеті»

Бұйрық

Ата –аналарды педагогикалық қолдау кеңесі дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді
Әр айдың соңғы сенбі күні ашық есік күні 10:00-ден 12:00-ге дейін


 

Сауалнама

Сайтқа кірушілер статистикасы

  • Осы айда 1434
  • Осы аптада 264
  • Кеше 48
  • Бүгін 12
  • Онлайн 3