Меню KDT
RU / KZ
logo2.jpg?_=1695197111

Жаңалықтар

"Тәуелсіздік -тұғырым"

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Төл мереке қарсаңында Астана қаласы Т.Бигелдинов атындағы #1 мектеп-лицей КМК -де Тәуелсіздіктің 32 жылдығына арналған "Тәуелсіздік -тұғырым" атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты келекшек ұрпаққа Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. Концерт ҚР әнұранымен басталды. Мектеп директоры М.Д.Рысмухамбетова төл мерекемен құттықтап, оқу барысында жетістіктерге жеткен оқушылар мен ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады. 10 сынып оқушылары Қазақтың қыраны екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдиновтың батырлығы мен өмірі жайлы сахналық көрініс қойып, көрерменнің қошеметіне бөленді. Мерекелік іс-шарада 1"ә" сынып оқушылары ән шырқап, домбырашылар ансамблі күй тартып, би биледі. Оқушылар мен ұстаздардан құралған хор "Тәуелсіз Қазақстан" әнімен концерттің шымылдығын жапты. Ата -бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, Көк байрағымыз мәңгі желбіресін!










Просмотров: 110

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Елбасы жолдауы

Директор блогы

 
Рысмухамбетова Махаббат Давлеталиевна
мектеп директоры

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы кабинеті»

Бұйрық

Ата –аналарды педагогикалық қолдау кеңесі дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді
Әр айдың соңғы сенбі күні ашық есік күні 10:00-ден 12:00-ге дейін


 

Сауалнама

Сайтқа кірушілер статистикасы

  • Осы айда 1430
  • Осы аптада 260
  • Кеше 48
  • Бүгін 8
  • Онлайн 0