Меню KDT
RU / KZ
logo2.jpg?_=1695197111

Жаңалықтар

екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың атын №1 мектеп-лицейіне берілуіне

       2023 жылдың 30 қазанында Астана қаласының №1 мектеп-лицейінде Астана қаласының Білім басқармасымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың атын №1 мектеп-лицейіне  берілуіне салтанатты іс-шаралар өткізілді. Талғат Бигелдиновтың аты мектебімізге берілуі біз үшін мақтаныш. Бүгінгі күн баршамыздың жадымызда, мектеп тарихында мәңгі қалатыны сөзсіз. Осы салтанатты іс шарамызға куә болған қонақтарымыз:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Бүркітбайұлы Камалетдинов.
     Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы , техника ғылымының докторы, профессор,  Авиация Генерал –майоры  Тоқтар Оңғарбайұлы Аубакиров. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Дәурен Жұматайұлы Қосанов.    «Қарулы күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі төрағасының орынбасары генерал-майор Марат Сералыұлы Нағуманов.Зерттеуші-ғалым, жазушы, қоғам-қайраткер  Өмірзак Озганбайұлы Озганбаев;  «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі аппаратының басшысы- Қаз Нұрқуаныш Отанбекұлы және көптеген қонақтар. Салтанатты лентаны қию рәсімі Авиация генерал –майоры Тоқтар Оңғарбаевич Аубакировқа  және  генерал-лейтенант Сұлтан Бүркітбайұлы Камалатдиновқа берілді. Домбыра оркестрі (жетекшісі Қайрашова Р.С.) және мектеп оқушылары термешілер маршымен  (жетекшісі Қ.С. Загипарова) келген қонақтарды шаттық көңілмен қарсы алды. Сахнада 10-11 сынып оқушылары Н.В.Шкурапатованың жетекшілігімен «Ұшуға туған» әдеби монтажымен  көрермендерді таң қалдырды. Сонымен қатар екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің ашылған кабинетінде мектеп-лицейінің «Феникс»  дебат клубы және әуе күштер ұшқыштармен бірге «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-үлгі» атты дөңгелек үстелге (жетекшілер Бакина М.Х., Әбдіғалиева М.К., Бедилова Е.Б.) қатысып, қазіргі қоғамдағы ерлік туралы пікірлерімен  алмасты.
Концерттің соңында көрермендерді би ансамблі (жетекшісі С. Сәлімжанов), «Веселье нотки» балалар хор ансамблі және мектеп мұғалімдерінің хоры (жетекшісі Е.А. Петухова) өз шығармашылығымен қызықтырып, көрермен қошеметіне ие болды.Қонақтар оқушылар мен ұстаздарға алғыстарын білдіріп, іс-шара жоғары деңгейде өткенін айтты.










Просмотров: 181

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Елбасы жолдауы

Директор блогы

 
Рысмухамбетова Махаббат Давлеталиевна
мектеп директоры

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы кабинеті»

Бұйрық

Ата –аналарды педагогикалық қолдау кеңесі дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді
Әр айдың соңғы сенбі күні ашық есік күні 10:00-ден 12:00-ге дейін


 

Сауалнама

Сайтқа кірушілер статистикасы

  • Осы айда 1426
  • Осы аптада 256
  • Кеше 48
  • Бүгін 4
  • Онлайн 0