АТА-АНАҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 10 сыныптың сынып жетекшілері ата-аналармен «Махаббат – өзара түсіністік кепілі» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренингтің негізгі мақсаты: ата-аналарды балалармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйрету, ата-ана мен бала қарым-қатынасын үйлестіру.
Бұл іс-шараға 10-сыныптың барлық ата-аналары қатысты және тренинг барысында ата-аналардың оқу-тәрбие үдерісіндегі өзара әрекеттесуінің үздік формалары анықталды, сонымен қатар мектеп оқушыларын тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналардың құзыреттілігі артты.
Ата –аналарды педагогикалық қолдау кеңесі дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді Әр айдың соңғы сенбі күні ашық есік күні 10:00-ден 12:00-ге дейін