Меню KDT
RU / KZ
logo2.jpg?_=1695197111

Жаңалықтар

6 сыныптар арасында «Тәуелсіздік-тірегім» атты сыныптан тыс іс шара.

         31 жыл бұрын, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде өз тәуелсіздігін жариялады. Дәл сол күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң күшіне енді. Заң Қазақ КСР Жоғары Кеңесі 1990  жылдың 25 қазанында қабылдаған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қағидалары негізінде әзірленді. 
         Қазақстанның тәуелсіздігі мемлекет үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл халық үшін де маңызды мерекелердің бірі болып табылады. 1990 жылы республика тәуелсіздік құқығын қалпына келтірді. Содан бері 31 жыл бойы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы бұл оқиға 16 желтоқсанда атап өтіліп келеді. Мұндай іс шарадан біздің №1 мектеп-лицейі де тыс қалмады. Мектебіміздің жоспары негізінде 6 сыныптар арасында «Тәуелсіздік-тірегім» атты сыныптан тыс іс шара өтті. Іс шараның мақсаты:
          -Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу;
         -Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру;
         -Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу. 
         Іс шара барысында оқушылар Тәуелсіздікті аңсаған ата-бабаларымыз туралы видео-роликпен танысып, жоғары белсенділікпен Отан, туған жер жайлы тақпақтар мен мақал-мәтел айтып, сұрақтар мен сөзжұмбақ шешіп, өз білімдерімен бөлісті.
 




 
 


Просмотров: 181

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Елбасы жолдауы

Директор блогы

 
Рысмухамбетова Махаббат Давлеталиевна
мектеп директоры

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы кабинеті»

Бұйрық

Ата –аналарды педагогикалық қолдау кеңесі дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді
Әр айдың соңғы сенбі күні ашық есік күні 10:00-ден 12:00-ге дейін


 

Сауалнама

Сайтқа кірушілер статистикасы

  • Осы айда 1575
  • Осы аптада 456
  • Кеше 55
  • Бүгін 55
  • Онлайн 2