Меню KDT
RU / KZ
logo2.jpg?_=1695197111

Жаңалықтар

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

           2022 жылғы 17 наурызда «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты №1 мектеп-лицейінде жоғары сыныптар арасында өткен Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концерт жоғары дәрежеде өтті.

            Негізгі мақсат – оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, имандылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, дінін қастерлей білуге тәрбиелеу.

        Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған концертте мың бұралған бишілердің, саз дауысты әншілердің өнері, оқушылар арасында өткен II халықаралық байқау жүлдегерлерінің мәнерлеп оқуы, «Ұлы дала - ұрпағы» атты Махамбеттің жас мұрагерлеріне арналған  VI Республикалық байқауының Диплом иегерлерінің қойған көрінісі, сонымен қатар «Кешегі шәкірт – бүгінгі студент» Дәулеткерейдің саксофонның сырлы cазымен көрермендердің қошеметіне ие болған өнері - атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеуге, кішіпейілділікке, инабаттылыққа, мейірімділікке, тәрбиелеудегі мәні зор болды. Оқытушылар мен білім алушылардың ұлтық киім киіп, өнер, салт-дәстүрден көріністер көрсетуі - ұлттық, патриоттық тәрбие берудегі маңызы зор.

         Қазақтың қазақ екенін, тәуелсіз мемлекет екенін дәлелдейтін бірден-бір мереке - Наурыз болуға тиіс. Наурыз - Қазақстан атты шаңырағымыздың ұлттық мерекелерінің нағыз қайнарына айналарына сенімдімін!

        Бақ пен ырыстың, молшылық пен тоқшылықтың, ынтымақ пен бірліктің күні әр отбасына ақ мол болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

       Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Кулькаева Г.Б.

11  12


13   14  15  16      11



Просмотров: 199

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Елбасы жолдауы

Директор блогы

 
Рысмухамбетова Махаббат Давлеталиевна
мектеп директоры

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы кабинеті»

Бұйрық

Ата –аналарды педагогикалық қолдау кеңесі дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді
Әр айдың соңғы сенбі күні ашық есік күні 10:00-ден 12:00-ге дейін


 

Сауалнама

Сайтқа кірушілер статистикасы

  • Осы айда 1332
  • Осы аптада 384
  • Кеше 59
  • Бүгін 19
  • Онлайн 2