№1 мектеп-лицейінің "Мерей" би ансамблі 2011 жылы құрылған. Би ансамблінің ұйымдастырушысы мен жетекшісі - хореограф Нұрбекова Гуля Кеңесбекқызы. "Мерей" ансамблі алғаш құрылғаннан бастап әр түрлі қалалық, республикалық және халықаралық конкурстар мен іс-шараларға белсенді қатысып, көптеген марапаттаулар мен сыйлықтарға ие болды. 2014 жылы жазда "Мерей" Турция, Стамбул қ. өткен, 47 мемлекеттен қатысушалар келген балалар шығармашылығының халықаралық фестиваліне қатысты. Бұл фестивальде ансамбль мүшелері медальдармен, дипломдармен марапатталды.