Меню KDT
RU / KZ
logo2.jpg

"Назерке"  оркестрі

 
  Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. ХІХ ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер қазақта мың ән, бес жүз күй  жазған болатын. Қазақтың музыка мәдениеті дәуірден дәуірге дамып келді, қазақ халқы ән мен күйге аса құмар халық.
Қазақ халқының өзіне тән ардақ тұтар айбыны мен ішкі әлемнің айдыны іспепті ешбір нәрсемен алмастыруға болмайтын ұлттың өзімен бірге туындап, біте қайнап келе жатқан киелі мұрасы бар. Адам жанының ішкі толқынысын, сезім шеруінің көпірін таң ғажайып үн, әуен, ырғақпен жеткізе білетін қазақтың қоңыр домбырасы, одан даланың мәңгі үзілмес әуеніндей төгілген күйлерді осындай мұра қатарына жатқызуға болады. Атадан балаға мұра болып келе жатқан қазақтың киелі домбырасын жас ұрпаққа насихаттау, үйрету мақсатында «Қасиетті қара домбыра» атты үйірме ұйымдастырылды.

Домбыра үйірмесінің мақсаты.

Есте сақтау, есту, ырғақ, музықалық қабілетін қалыптастыру. творчествалық ойлану дағдысын жетілдіру, басты мақсат мінез құлықты домбыра өнерін жете білетін, оркестірлік орындаушы және қазақтың күй өнерін сүйетін оқушылар дайындау.
 
Домбыра пәні бойынша оқу жүктемесі.

  Домбыра пәні аптасына 4,5 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны 153 сағат. 4,5 сағат 9- сыныптарға домбыра сабағы.
  Өсу, өркендеу дәуірінде сан қилы қиындықтарға мойынсынбай замана зобалаңынан бізге жеткен асыл мұра жетерлік. Соның бірі – ұлттық өнеріміз, оның ішінде, аспаптық музыка және қасиетті күйлеріміз бар. Әр бір қазақ баласы қасиетті қара домбырада ойнай білсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

 "Назерке" домбыра оркестрі 2014 жылдың "Шабыт" фестивалінде ансамбль дипломмен марапатталды. Жеке орындаушы Мұхит Нұрлы "Аққу" күйін орындап дипломға ие болды. Оркестр құрамы 15-20 баладан тұрады."Балбырауын", "Адай", "Дайрабай", "Түркмен", "Балбұлақ", "Әлқисса" және т.б. күйлерді үздік орындайды. Мектептегі 1-11 сыныптар аралығындағы балалар қатысады.

       

      Ғасырлар бойы қазақ халқының сырласы мен
        Мұндасы болып келе жатқан көне аспабымыз
           Домбырада ойнап үйренуге Шақырамыз!




Оркестр мүшелерінің фотосуреттері



 Ұлттық дельфийлік бағдарламасы бойынша "Шаттық"  қалалық байқауы.









Сабақ үстінде
 




Задать вопрос психологу

Послание президента

Образец утвержденной школьной формы

Календарь

Опрос

Оцените школьный сайт:

Голосовать

Погода г. Астана

Статистика посещения сайта

  • За месяц 1834
  • За неделю 527
  • Вчера 60
  • Сегодня 4
  • Онлайн 0